top of page

Өзге емес, өзім айтам өз жайымда...

Anchor 1
Screenshot_2019-12-19-23-05-46-1.png
Өзім туралы

    Мен 1981 жылдың 3 желтоқсанында Семей өңірі, Абай ауданының Саржал деген қазақи ауылында дүниеге келіппін. ӘДЕБИЕТТІҢ МЕККЕСІ атанған өлкеде туып өскенімді мақтан тұтамын. Бала кезімнен Абай атамның сөздерін бойыма сіңіріп өстім, қасиетті туған жерімнің топырағынан қуат алдым. Әжем  мен ата-анамның  тәрбиесімен дарыған қазақи қоңыр болмысым бар...

1988-1999ж.ж. Би ата ауылының Шәкерім атындағы орта мектебінде білім нәрімен сусындадым. Мектепті үздік аттестатпен аяқтап, М. О. Әуезов атындағы Семей университетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша  филология факультетіне оқуға түстім. Содан бері тіл мен әдебиет менің егіз құрбымдай...

    Отбасым - байлығым. Жолдасым екеуіміз ұлымыздың бойына ұлттық дәстүрді сіңіртіп тәрбиелеудеміз.

ДАҒДЫЛАРЫМ
  • Компьютерлік бағдарламалар: WORD, EXCEL, Power point, movie maker... т.б.

  • Веб-сайттар: Learning apps.org,  Quizziz. com, Quizlet live , kahoot. it.

Жұмыс тәжірибем
  • О. Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейі – қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі - 01. 10. 2004 ж.-15.12.2004 ж.

  • 2011-2019 ж.ж -  Өскемен қ. әкімдігінің «О. Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ – кітапханашы.

  • 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығында қазақ тілі  пәні оқытушысы.

Тілдерді меңгеру
     Білім
  • Жоғары, М.О. Әуезов атындағы Семей университеті –1999 ж.- 2004 ж., мамандығы: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Ана тілім - қазақ тілі,

орыс тілін жақсы білемін.

Ағылшын тілінде аздап сөйлеймін.

Менің мақсатым

- Қазақ тілінің мәртебесін көтеруге үлес қосу

- Қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне үйрету барысында жаңа инновациялық  әдіс-тәсілдерді пайдаланып, іс-тәжірибемде қолдану.

Әдістемелік
өзекті 
тақырыбым

Жазылым жұмыстары арқылы ересек тіл үйренушілердің сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

bottom of page